411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Артық салмағы бар адамдар қауіпті індетті тез жұқтыруы мүмкін – дәрігерлер

  • 637
  • UPD: 14:52, 31.03.2020

Артық салмағы бар адамдар қауіпті індетті тез жұқтыруы мүмкін.

Ресейлік дәрігерлер осылай деп дабыл қақты. Олар «карантин кезінде дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану керек», дейді. Зиянды әдеттерден де арылған абзал. Отандастарымыз осы қағиданы ескере ме?

Дастан Сейілханұлы, тілші:

Махамбет бала күнінен спортқа бейім. Жүгіргенді ұнатады. Түрлі марафондарға қатысқан. Карантин енгізілгелі үйінде отыр. Бірақ бұл шектеу жас жігітке кедергі болмады. Қазір өз бөлмесінде жаттығып жүр.

Махамбет Қанбаба, қала тұрғыны:

- Бұл шектеу біраз қолайсыздық тудырды. Әдетте жағалау маңында жаттығу жасайтынмын. Каратиннен кейін барлығымыз үйде отырмыз. Бірақ үйде отырып-ақ дене шынықтыруға болады. Қалауын тапсаң, қар да жанады.

Тәні сау адамның жаны да сау. Дәрігерлер аты жаман ауру апшыны қуырып жатқанда «тазалыққа мұқият болу керек», дейді. Зиянды әдеттерден арылу қажет. Арақтың да, темекінің де вирусқа қарсы дәрмені жоқ. Керісінше, ағзаны әлсіретеді.

Софья Линникова, иммунолог дәрігер:

Бөлмені күніне 3 рет желдетіп тұру қажет. Үйдегі шаң-тозаңды сүртіп, күніне бір рет тазалап тұрған абзал. Ересек адам да, балалар да кемінде жарты сағат таза ауада жүруі керек. Ішімдік пен темекіден аулақ болған дұрыс. Олар иммунитетті әлсіретеді, өкпе мен бауырды құртады.

Үйде жатқан адам асқа құмартады. Сондықтан құнарлы тағамдарды ғана тұтыну керек. Дәрігерлер жиі су ішіп, жеміс-жидек жеуді кеңес етеді. «Құрамында ақуыз бар заттарды көбірек пайдаланған дұрыс», - дейді.

Нұршуақ Нұрсадықов, диетолог-дәрігер:

- Фасоль, чечевица, горох, гречка сынды тағамдарды қолданған абзал. Олардың құрамында ақуыз көп болады. Ол біздің бұлшықетімізді нығайтуға, адамның көп энергия жинауына мүмкіндік береді.

Адам дұрыс тамақтанбаса, семіздікке шалдығуы әбден мүмкін. Ал, артық салмағы бар адамның қауіпті індетті жұқтыру қаупі жоғары екен. Мұны ресейлік дәрігерлер де айтып отыр. Сондықтан мамандардың кеңесіне құлақ асып, карантин кезінде денсаулықты күтуге жіті мән берген жөн.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы , Өмірбек Ізімов

Иммунитеті мықты адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін – зерттеу

Карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады

Хабар 24 телеарнасы