412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді

  • 151
  • UPD: 13:00, 15.05.2020
Елордада қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгерді

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы бағдарларының жүру кестесі өзгерді, деп хабарлайды СTS компаниясы.

Енді автобустар сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді. Бұған дейін сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынады.

Бірінші күні (12 мамыр) жолаушылар ағыны 146 907 құрады, оның ішінде 2 787 оқушы, 36 884 – жеңілдігі бар азаматтар.

13 мамыр күні жолаушылар ағыны – 205 295, оның ішінде 3 686 оқушы, 48 418 – жеңілдігі бар азаматтар.

Карантинге дейін жолаушылар ағыны 762 мыңды құрады.

Қазір линияға қалалық бағдарлар шықты, екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады. Қозғалыс қалпына келген кезде қосымша хабарланады.

Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шарасын сақтайды: бетперде, қолғап киіп, антисептик қолданады. Сол шараларды жолаушылар да сақтау қажет.

Сонымен қатар жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатты. Жол жүру үшін көлік карталары мен жолақы төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Карантин енгізілгенге дейін қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98%-ды құрады.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері мен жүргізушілердің өздері автобустағы ережелерді жолаушыларға барынша түсіндіреді. Бұл ережелер: алдыңғы есік арқылы кіру, бетперде кию және қолма-қол ақшасыз төлем жасау.

Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктелді. Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды.

Атап өтсек, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылды. Астана қоғамдық көлігінде 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады.

Хабар 24 телеарнасы