428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Найзағай, бұршақ: бірнеше облыста ескерту жарияланды

  • 444
  • UPD: 17:51, 06.08.2020
Найзағай, бұршақ: бірнеше облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп РМК хабарлады «Қазгидромет».

7 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 7 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді деп күтіледі. Ақтау қаласында 7 тамыз күні таңертең найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде 7 тамызда найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 7 тамыз күні найзағай күтіледі, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі.

7 тамыз түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен күндіз кей жерлерде жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 7 тамыз түнде найзағай, күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде 7 тамыз таңертең және күндіз найзағай, дауыл болады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда 7 тамыз күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

7 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 7 тамызда күндіз найзағай болады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерінде 7 тамызда найзағай, бұршақ күтеледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100%.

Хабар 24 телеарнасы