loader

Елордада 6 қыркүйекте қоғамдық көлік жүрмейді

Елордада 6 қыркүйекте қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтан қаласында 6 қыркүйек күні қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Жексенбі күні, 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Дүйсенбі, 7 қыркүйектен бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.

Сондай-ақ...