420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иммунолог күз мезгілінде ағзаға аса қажет дәрумендерді атады

  • 128
  • UPD: 11:50, 15.09.2020
Иммунолог күз мезгілінде ағзаға аса қажет дәрумендерді атады

Ағзаны маусымдық аурулардан қорғауда бета-каротин өте маңызды рөл атқарады.

Сондықтан ауыру деңгейі жоғарылайтын күз айларында құрамында бета-каротин бар тағамдарды тұтынған жөн.

Бұл туралы диетолог дәрігер, аллерголог және иммунолог Марина Аплетаева айтты, деп жазды iz.ru.

«Күз мезгілінде қызғылт сары түсті тағамдарды тұтыну керек. Қызғылт сары түсті көкөністер мен жемістер: шабдалы, өрік, асқабақ, сәбіз, қауын. Бұл тағамдар бета-каротинге бай», - деді ол.

Маманның айтуынша, А – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын вирустар мен бактериялардың енуінен қорғайтын негізгі дәрумен, бірақ ол таза күйінде тұтынылса, улы болуы мүмкін.

Иммунолог бета-каротиннің қажет болған жағдайда А дәруменіне айналатынын атап өтті.

Сонымен қатар күзгі кезеңде ағза үшін тағы бір маңызды элемент – С дәрумені. Оның арқасында жасушалық иммунитет жақсарады, ал дене жасушаларының өзі зақымданудан сақталады.

Хабар 24 телеарнасы