428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың пайдалы қасиеті анықталды

  • 259
  • UPD: 11:26, 06.10.2020
Коронавирустың пайдалы қасиеті анықталды

Аризона университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 вирусы ауырсынуды басатындығын анықтады.

Вирустың бұл қабілеті инфекцияны жұқтырған кейбір адамдар неліктен ауру симптомдарын сезбейтінін, бірақ патогенді тарата алатындығын түсіндіреді.

Анестезияға пайдалы болуы мүмкін вирустың күтпеген қасиеті Pain журналында жарияланған мақалада айтылған.

Зерттеушілердің пікірінше, ауырсынуды басатын әсер коронавирустың адам жасушаларына енуіне мүмкіндік беретін S-ақуызына байланысты. Сонымен қатар бұл қосылыс ауырсыну сезімін қалыптастырумен байланысты сигналдардың берілуін тежейді. Бұл S-ақуыздың ACE2 рецепторымен ғана емес, сонымен қатар нейрондардағы мембраналық ақуыз нейропилин-1-мен де байланысатындығынан болады. Нейропилин-1 қан тамырларының дамуында маңызды рөл атқаратын және қатерлі ісік және ревматоидты артрит сияқты аурулармен байланысты эндотелий өсу факторымен (VEGF-A) байланысты. Бұл жағдайда нейрондық гиперқозғыштық пайда болып, ауырсынуға әкеледі. S-ақуыздармен байланысуы да осындай әсерге ие.

Ғалымдар алдағы зерттеулерде нейропилин-1-ді опиоидты емес препараттар көмегімен ауырсынуды жеңілдету үшін қалай қолдануға болатындығын зерттемек.

Хабар 24 телеарнасы