423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Антидене COVID-19-дан сақтануға кепілдік бермейді

  • 175
  • UPD: 17:30, 27.10.2020
Антидене COVID-19-дан сақтануға кепілдік бермейді

Ұлыбританиялық ғалымдар ел тұрғындары арасында антиденеге тестілеу жасады.

Зерттеу бойынша антиденесі бар адамдар саны аз. Ал COVID-19 симптомсыз түрімен ауырғандар басқаларынан гөрі антиденені тезірек жоғалтады. Зерттеу нәтижелері Лондонның империялық колледжі сайтында жарияланған.

REACT (Real Time Assessment of Community Transmission) деген атау қойылған бұл зерттеуге ересек жастағы 365 мың адам қатысты. Олардың барлығы кездейсоқ таңдалды. Тәжірибе барысында олар 20 маусым мен 28 қыркүйек аралығында үйлерінде SARS-CoV-2 вирусына қарсы денеге үш рет жедел тест жасаған.

Нәтиже бойынша зерттеу жүргізілген үш айдың ішінде вирусқа қарсы денелердің таралуы Англияда 6-дан 4,4 процентке дейін төмендеген.

Әсіресе 18-24 жас аралығындағы адамдарда 75 және одан жоғары жастағыларға қарағанда антидене ұзағырақ сақталатыны анықталған.

«Иммундық жүйенің қаншалықты деңгейде антиденені қамтитынын және ол иммунитеттің қашанға дейін сақталатыны белгісіз болып қалды. Егер антиденені анықтауға тапсырған тест оң нәтиже көрсетсе, ол COVID-19 вирусына шалдықпауға кепілдік бермейді. Ол адам бәрібір карантин талаптарын сақтап, анализ тапсыруы тиіс. Ал симптомдар байқалатын болса, міндетті түрде маска таққан дұрыс», – дейді зерттеу жетекшісі Пол Эллиотт (Paul Elliott).

Осылайша зерттеушілер екінші рет вирус жұқтыру қаупі бар екенін де ескертеді.

 

Хабар 24 телеарнасы