420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан жазылып шығып, маска тақпай жүргендер қауіпті – Пульмонолог

  • 110
  • UPD: 16:03, 14.11.2020
Коронавирустан жазылып шығып, маска тақпай жүргендер қауіпті – Пульмонолог

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, пульмонолог Александр Карабиненко COVID-19 ең қауіпті тасымалдаушыларын атады, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысы туралы ақпарат таратушы телеграм канал.

Коронавирус инфекциясымен ауырып, жазылып шыққан, соған қарамастан маска кимейтін адамдар вирусты ең қауіпті тасымалдаушылар. Себебі науқас сауыққаннан кейін де вирус оның жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Сөйтіп, жазылған адамдар вирусты басқаларға таратуды жалғастыруда.

«Коронавирустан жазылып алып, маскасыз жүретін адамдарға вирус жұқтырмай тұрмайды», - деді Карабиненко.

Ол жазылып шыққан адамдардың індетті «еркін және еш кедергісіз» тарататынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы