420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бірқатар аймағында қар жауып, жел күшейеді

  • 389
Қазақстанның бірқатар аймағында қар жауып, жел күшейеді Кубанские новости

Осыған байланысты 6 өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе,Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола өңірінде қалың тұман мен бұрқасын күтіліп отыр. Қарағанды және Қостанай облыстарында да сынап бағанасы төмендеп, желдің екпіні күшейеді. Сондай-ақ Жамбыл мен Түркістанда күн райы бұзылады дейді сипоптиктер. Әсіресе, жүргізушілерге аса сақ болған абзал. Өйткені, жуырда ғана елордада 5 көлік соқтығысып, 1 адам аруханаға жеткізілді. Қазір жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында Өскемен және Серебрянск қалаларының арасындағы тас жолға шектеу қойылды. Яғни тіркемесі бар жүк көліктері өте алмайды.

Айта кетейік, кеше түнде Балқаштан 4 шақырым жерде автобус бұзылып, жолда қалып қойды. Мәселеге төтенше жағдайлар департаментінің мамандары араласып, 51 адамды эвакуациялады. 

Хабар 24 телеарнасы