COVID-19-бен ауырған адамдар ерте қартаяды.
Бұл туралы Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова ескертті.
Айтуынша, ағзаның ерте қартаюы инфекцияның жеңіл түрін жұқтырғандарға да қауіп төндіреді. Сарапшылар орташа және жеңіл дәрежедегі COVID-19-бен ауырған адамдарды тексерген.
«Коронавирустың өте жеңіл түрімен ауырған науқастардың өзінің 70 процентінде кейбір ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Негізгі патология жүрек қана емес, бауырдың зақымдануы және ұйқы безі тінінде өзгерістер болды. Әдетте мұндай диагноздар 60 жаста қойылады, ал коронавируспен ауырғандарда 40 жаста қойылды», - деп түсіндірді биолог.
Сонымен қатар сарапшы коронавирус қарттықты жақындатады деген қорытындыға келді.