420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы жаңа Оқушылар сарайы қандай болады

  • 257
  • UPD: 09:51, 25.12.2020
Елордадағы жаңа Оқушылар сарайы қандай болады

Нұр-Сұлтанда тағы бір Оқушылар сарайы салынады. 

Біріншісі оң жағалауда орналасқандықтан, қала тұрғындарының қалауы бойынша жаңа Оқушылар сарайы сол жағалауда орналасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Нысанды Тұран даңғылы, Е-108, Е-106, Е-109 көшелерінің алаңына «City Transportation Systems» ЖШС ғимаратының жанына орналастыру нұсқасы қарастырылуда.

Жобаның жұмыс эскиздері ұсынылған.

Жер көлемі 3 гектарға жуықтайды. 

Ғимарат ауданы – 10000 м 2. 

Күніне 2000-нан астам баланы қабылдай алады.

Жобаның бірегейлігі – ғимарат шатырының абаттандырылуында. Онда ойын элементтерін, ағаштардың ортасына бақылау алаңын орналастыру жоспарланған.

Бірінші қабатта спорттық жаттығу залдары, мәжіліс залы, әкімшілік үй-жайлар, буфет орналастыру жоспарланған.

Екінші қабатта көрме залдары, сурет, фото және видео шеберханалары, театр өнеріне арналған залдар, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар бар.

Үшінші қабатта шағын обсерватория, ғылыми мұражай, робототехника бөлмелері, экспериментальды бөлмелер, шеберханалар, кітапхана бар.

Осылайша, жаңа Оқушылар сарайында химия, биология, физика бойынша толыққанды эксперименттер жүргізуге, киберспортты дамытуға, коворкинг кеңістігі мен көпшілікке арналған кітапхана пунктінде жасөспірімдер клубын ұйымдастыруға, концерттер мен спорт жарыстарын өткізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы