383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай нарығы елімізден шығатын 13 ауылшаруашылық өнімі үшін ашық

  • 449
  • UPD: 13:46, 19.06.2019

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елдерге экспорттау көлемі артып келеді.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кезінде айтты. Бүгінде 13 тауар түрі бойынша Қытай нарығы ашық. Яғни балық өнімдері, асыл тұқымды жылқылар, мұздатылған қой еті, бал, бидай, бидай кебегі, соя бұршақтары, сойыс жылқылары, рапс, сиыр еті, жоңышқа пішені, ұн, өсімдік майы, арпа, жүгері экспортталады, деді министр. Ал Иран тарапымен қойларды, мұздатылған және салқындатылған қой етін, сиыр етін, жұмыртқа жеткізуге арналған ветеринариялық талаптар келісілген. Жалпы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау көлемі өткен жылы 24 жарым процентке ұлғайған.

Жыл басынан жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,7%-ке ұлғайған. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, осы аралықта тамақ өнімдерін өндіру 1,2%-ке, ал сусын өндіру шамамен 19 процентке өсті. Сондай-ақ, салаға инвестиция тартуда жақсы өсім байқалады. Осы жылдың алғашқы 5 айында мұнда 124 млрд 300 млн теңгеге тең инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 52,2%-ке көп. Өткізу нарықтарын кеңейтуде қабылданған шаралар агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттауды 11,2%-ке арттырып, тек қана 3 айдың ішінде 900 млн АҚШ долларына жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мал шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3,6%-ке артқан.

Биыл Алматы облысында жалпы ұзындығы 73 шақырым 200 метр автожолда орташа жөндеу жұмыстары 4 учаскеде жүргізіледі. Республикалық маңызы бар Р-19 «Алматы-Көктал-Байсерке-Өзенаралық-Екатеринбург-Алматы» автожолының ұзындығы 29 шақырым жол учаскесін жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде ескі жабындыны фрезерлеу, тегістеуші қабатты төсеу, жолақтарды салу, жол жиегін нығайту және белгі бағаналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Ал, республикалық маңызы бар А-3 «Алматы-Өскемен» автожолының ұзындығы 18 шақырым учаскесінде жолшылар тас жолдың 76 мың шаршы метр жабынын фрезерлеп, 15 мың  жолда борттық тастар орнатты. Аталмыш жұмыстар «Көкпек-Кеген-Түп» 68 және 74-шақырым аралығындағы бөлікте жасалуда. Сондай-ақ, Алматы облысындағы А-5 «Ақсай-Шонжа-Көлжат» көлікжолының 90 мен 105-ші шақырымында орташа жөндеу жұмыстары үшін 800 тонна қара қиыршық тас дайын. «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 137-154 км учаскесінде суық ресайклинг әдісі бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Барлық жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталады деп күтілуде.

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 1 доллар 38 центке өсіп, 62 доллар 31 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 1 доллар 97 центке қымбаттап, бір баррелі 53 доллар 9 центке тең болды.  

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ доллары 26 тиынға қымбаттап, 383 теңге 69 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 384-385 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы