384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан тәулігіне 1,86 млн баррель мұнай өндіреді

  • 625
  • UPD: 14:27, 03.07.2019

Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК елдерінің өндіріс көлемін ерікті қысқарту туралы келісімге мүше елдердің алтыншы министрлік кездесуі кезінде хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сонымен, энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған отандық делегация қара алтын өндіру көлемін тәулігіне 1 млн 860 мың баррельге дейін жеткізбек. Ал жыл басынан елдегі орташа тәуліктік өндіру көлемі 1 млн 790 мың баррельді құраған болатын. Осылайша Қазақстан ОПЕК алдындағы өндіру мөлшерін тәулігіне 70 мың баррельге қысқартып, өз міндеттемелерін асыра орындаған. Сондай-ақ отырыс барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған ортақ іс-шараларды талқылады. Қазақстан ОПЕК елдерімен және ОПЕК-ке мүше емес мемлекеттермен әлемдік мұнай нарығын оңтайландыруға және мұнай индустриясы инвесторларының сенімділігін қалпына келтіру бойынша ынтымақтастық жүргізуде.

AFD: шетелдік маман шоб дамыту жолдарын ұсынды

Әлемдік бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығының өңірлік жетекшісі Викас Аггарвал шағын және орта бизнесті дамыту жолдарын ұсынды. Оның айтуынша, компания директорынан бастап, жұмысшыға дейінгі әрбір қызметкер қай бағытта жұмыс істеп жатқанын түсінуі тиіс. АССА жүргізген зерттеулерге сәйкес, шағын және орта бизнестің сыртқы кеңестерге жиі жүгінетіні анықталған. Сонымен қатар ол түрлі компанияларды қызықтырған ШОБ субъектілерін қаржыландыру туралы сұраққа жауап берді. АХҚО бюросы үздік 20 компанияны іріктеп, оларға шетелдік инвестиция тартуға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.

Табысы төмен азаматтарға несие берілмейді

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынады. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Оның айтуынша, берешегінің мерзімі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша несиені ұсыну және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салынды.

Әлемдік мұнай бағасы түсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша, мұнай бағасы едәуір түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 2 доллар 4 центке түсіп, баррелі 62 доллар 82 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 2 доллар 84 центке арзандап, бір баррелі 56 доллар 25 центке теңесті.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 381 теңге 95 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 382-383 теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Мирлан Алтынбек

Хабар 24 телеарнасы