377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгілі экономист қазақ-қырғыз қатынасына қатысты пікірін білдірді

  • 577
  • UPD: 19:33, 30.10.2017

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғалы бері елімізде отандық өндірістің үлес салмағы артты.

Сондықтан Қазақстан нарығында сырттан келетін тауарларға деген сұраныстың да төмендегені анық. Еліміздің бұл қадамы әсіресе Қытайдан арзан тауар тасымалдайтын Қырғызстанға кері әсерін тигізгені белгілі. «Әр мемлекет алдымен ішкі нарықты тұрақтандырып, отандық өнім үлесін көбейтуді көздейді. Бұл қазақ Үкіметіне де қатысты. Экономика құралдарының екі ел арасындағы көршілік қарым-қатынасқа зияны тимеуі тиіс»,дейді экономист Әзімхан Сатыбалдин.

Әзімхан Сатыбалдин, экономика ғылымдарының докторы: 

– Біз көрші болғанымен, бауыр болғанымызбен экономикамыз бөлек. Сондықтан бәрімізге бірдей жағдай болуы керек. Біз олардың экономикасына ешқандай шығын келтіріп жатқан жоқпыз. Сондықтан олар да бізге шығын келтірмеуі керек. Екіншіден, біз қаншама ғасыр болды, шын мәнінде бір туған бауырлардай болып өмір сүріп жатырмыз. Көрші. Тату-тәтті. Ата-бабамыз солай өмір сүрді. Ал енді осындай жағдайда біз экономикалық мәселе бойынша айтыс-тартысқа келер болсақ, ол ағайындық адамгершілікке, көршілікке дұрыс жағдай болмайды.

Хабар 24 телеарнасы