389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан өңірлерінің бизнеске қатысты рейтингі енгізілмек

  • 541
  • UPD: 08:18, 30.11.2017

Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесі өңірлердің жаңа рейтингін енгізуді талқылады.

Облыстар бизнес жүргізуге жасаған жағдайлары бойынша бағаланады. Ол үшін рейтингке бизнес-климаттың қолайлығы, қаржыға қолжетімділік, адами капитал, кәсіпкерлік үшін жасалған инфрақұрылым секілді көрсеткіштер енгізілмек.

Бүгінде сауалнамаға 10 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде 8 мыңнан астамы – бизнесмендер. Сұрақ-жауаптың қорытындылары Индустрияландыру күні белгілі болады деп жоспарланып отыр. Кәсіпкерлікті дамытуға сүбелі үлес қосқан қалалар мен аймақтар «Хан Тәңірі» сыйлығына ұсынылмақ.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Сауалнамаға сегіз мыңнан астам кәсіпкер қатысты. Олардан бизнес жүргізуге қандай факторлар ықпал ететінін сұрадық. Сауалнама мен статистикалық көрсеткіштер біздің бизнес әдісте қандай өңірлердің орын алғанына әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы