367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды

  • 271
  • UPD: 15:57, 27.06.2018

Биыл Қазақстан Жапонияға 886 миллион АҚШ долларының тауарын экспорттады.

Ал бұл елден 413 миллион доллардың затын сатып алған. Жалпы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі соңғы уақытта қарқынды дамыды. Бір өкініштісі, әзірге Қазақстаннан Жапонияға экспортталатын тауардың басым бөлігі – шикізат, яғни мұнай-газ және темір. Дегенмен алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жылқы етін жеткізу жоспарда бар. Бүгінде елімізде 23 жапондық компания жұмыс істейді. Осыған орай Қазақстан-Жапония форумы мен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторы бірлескен комиссиясының жетінші отырысы өтті. Оның аясында қос тарап бірқатар меморандумға қол қойды. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, пайдалы қазбаларды өндіру мен игеру және өзге де салаларда ынтымақтастықты арттыру жайы талқыланды.

Нұралы Бөкейханов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары:

– Форумға Жапониядан жүз компания, Қазақстан тарапынан 200-ден астам компания қатысуда. Мемлекет арасында 4 келісімге қол қойылады. Одан бөлек, кәсіпкерлер арасында кездесулер өтеді. Біздің ойымызша, Жапонияға ауылшаруашылық, ет және өсімдік өнімдерін экспорттау тиімді. Жапонияда органикалық өнімдерге сұраныс жылдан-жылға өсіп жатыр. Ал Қазақстан өнімдерінің сапасы өте жоғары.

Осы категория бойынша: « Еліміз ЭЫДҰ-мен салық саласы бойынша ақпарат алмасу жөнінен келісімге қол қойды ХВҚ: Қазақстанда кәсіпкерлік саласы екі жылда жаңа деңгейге шығады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы