367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жылдың ішінде 47 млрд доллардан аса инвестиция тартылған

  • 228
  • UPD: 14:13, 03.07.2018

20 жыл ішінде Астананың жалпы өңірлік өнім көлемі 5 жарым есеге артып, 18 млрд долларға жетті.

Осы жылдар аралығында бас шаһарға 47 млрд доллардан аса инвестиция тартылды. Оның 90 пайызы бюджеттік қаржыландыру емес. Бүгін «Global Silk Road» форумында қала әкімі осындай жетістіктерді сөз етті. Әсет Исекешев елордада кәсіпкерлік қанат жайып келе жатқанын да айтып, бүгінде орта және шағын бизнестің үлесі 57 пайызға жеткеніне мән берді. Егер мемлекеттер арасындағы бәсекелестік қазір қалалар арасындағы бәсекеге ұласқанын ескерсек, Астана Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналуды мақсат етіп отыр. Содан болар, елордаға жыл сайын 50-100 мың адам қоныс аударуда. 20 жылда тұрғындардың саны 3 есеге артып, 1 миллионнан асты.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

– Біз қазір елордада трансформация жүргізіп жатырмыз. Кез келген әкім үшін халықтың әл-ауқатын жақсарту маңызды. Ол үшін тұрғындардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсарта түсу керек. Біз осы міндетті кезең-кезеңімен іске асыруға мүмкіндік беретін «20 нақты қадам» бағдарламасын жасадық. Оны алдағы 3 жылда іске асырамыз. Қазір қалада 2 млн адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Бұл ретте 129 гектар жерде 10 мың тұрғын тұруы тиіс. Әрі онда қолайлы өмір сүруге барлық қажетті жағдай жасалады.

Осы категория бойынша: « Оралда құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын салынады Қазақстанда инвестиция тарту қоры құрылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы