367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» ХҚО Батыс Қытай мен Шығыс Еуропа арасындағы алпауыт хабқа айналады

  • 138
  • UPD: 10:05, 05.07.2018
«Астана» ХҚО Батыс Қытай мен Шығыс Еуропа арасындағы алпауыт хабқа айналады

Ал Қазақстан қаржы орталықтары мен компанияларды ТМД нарығына шығаратын алтын көпір бола алады.

Мұндай пікірді Ислам даму банкінің өкілдері айтып отыр. Олар жоспарды жүзеге асыру үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Ел саясаты тұрақты, экономикасы қуатты. Оның үстіне қаржы орталығы ағылшын принциптеріне негізделген. Егер даулы жағдай туа қалса, мәселені халықаралық сот төрелері қарайды.

Шейх Біләл Хан, Dome advisory серіктесі:

- Қаржы орталығына ағылшын құқықтық жүйесінің алынуы ең дұрыс шешім. Өйткені түйткілдерді шешуде ағылшын тілінің маңызы зор. Транзакциялар мен ең құнды құжаттардың 95 пайызы ағылшын құқықтарына негізделген. Ислам банкі де соған сүйенеді. Өйткені ағылшын құқықтық жүйесі шариғат ережелерімен де сәйкес келеді. 

Қазақстан бәрін басынан бастамай-ақ Ислам банкінің тәжірибесін меңгере алады. Біз өз тарапымыздан бар білгенімізбен бөлісуге дайынбыз. Әрине, қазір бәрі мінсіз деуге келмейді. Көштің жүре түзелетіні белгілі. Егер осы қарқынмен жұмыс істейтін болсаңыздар, барлығына қол жеткізетіндеріңізге сенімім мол.

Осы категория бойынша: « «Сбербанк» АҚ басқарма төрағасы: Соңғы 10 жылда цифрлық экономика 10 есе артқан Қазақстан жаһандық ислам қаржы индустриясында маңызды орынға ие »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы