367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы кен өңдеу фабрикасы жобалық қуаттылығына шықты

  • 237
  • UPD: 14:38, 22.08.2018

Ақмола облысының Бестөбе ауылындағы кен өңдеу фабрикасы жобалық қуаттылығына шықты.

Енді мұнда жыл сайын 2,5 млн тоннадан астам кен қалдықтары өңделіп, одан 1,5 тонна Доре құймасы алынады. Нысан өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. Жобаның ерекшелігі, фабрика «ҚазақАлтын» кәсіпорнына тиесілі бұрынғы кен қалдықтарын қайтадан терең өңдейді. Бұрын бұған техникалардың мүмкіндігі жетпеген еді. Қазір фабрикада 200-ден астам адам еңбек етеді. Олардың көпшілігі осында қайта даярлау курсынан өткен жергілікті тұрғындар.

Айта кеткен жөн, дәл осындай фабрикалар Ақмола облысының Жолымбет ауылы мен Ақсу кентінде де бар.

Семен Хан, фабрика директорының міндетін атқарушы:

- Болашақта өндіріс көлемін де бұдан әрі арттыра береміз. Қазірдің өзінде біз 136 келі алтын өндірдік. Жұмысшылардың да қатары көбейеді. Жақында тағы 20 шақты адамды жұмысқа аламыз.

Осы категория бойынша: « KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 361,79 теңге Ақсу қант зауыты жаңа маусымды кідіріссіз бастайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы