360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Медициналық сақтандыру қорына қыркүйекте 8 млрд теңге аударылған

  • 176
  • UPD: 14:57, 02.10.2018
Медициналық сақтандыру қорына қыркүйекте 8 млрд теңге аударылған

Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемнен түскен қаржы осы жылдың қыркүйек айында 8 млрд теңге болды.

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ал былтырғы жылдың бірінші шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында бұл көрсеткіш 105 млрд теңге болған. Оның 96,4 млрд теңгесі – жұмыс берушілер, 8,6 млрд теңгесі – жеке кәсіпкерлер бөлген қаржы. Медициналық сақтандырудан түскен қаржы Ұлттық банкте сақталады. Кейін ол міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының аясындағы қызмет көрсетуге жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы