366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. Табысты ШОБ субъектілерінің қатары екі есе артты

  • 87
  • UPD: 08:58, 07.10.2018

Шағын және орта бизнес ел экономикасының тірегіне айналуы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав ДодОнов осындай пікірде.

Елбасы өз жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту туралы тапсырма берді. Және де осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажеттігін айтты.

Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

- Бұл бағдарлама өзінің тиімділігін дәделдеді. Мысалы, соңғы жылдары табысты жұмыс істеп отырған шағын және орта бизнес субьектілерінің саны шамамен екі есеге артты. Осы бағдарлама аясында мемлекет тарапынан пайыздық үстемақыға субсидия жасалып, кепілдіктер берілді. Банктер бағдарламаға қатысушыларды триллион теңгеден астам қаржыға несиелендірді. Яғни бұл өзінің өміршеңдігін көрсеткен бағдарлама. Сондықтан оның 2025 жылға дейін жалғасуы өте орынды.

Хабар 24 телеарнасы