366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Андрей Мамыкин: Елбасының жолдауы әлеуметтік саясатқа бағыт алуы қуантады

  • 83
  • UPD: 17:35, 13.10.2018

Денсаулық сақтау мен білім беру – елдің болашағын айқындайтын негізгі салалар.

Сондықтан әлеуметтік саланы қаржыландыруды біртіндеп жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін көтеру – көрегенді шешім. Бұл – Еуропа парламентінің депутаты Андрей Мамыкиннің пікірі.

Андрей Мамыкин, Еуропарламент депутаты:

- Президенттің жолдауы әлеуметтік саясатқа бағыт алуы мені қуантып отыр. Кез келген елдің болашағы денсаулық сақтау мен ағарту салаларына тәуелді. Қаншама көп танкі, зеңбірегі мен зымыраны болса да, азаматтары сауатсыз әрі дендері сау болмаса, мұндай ел көш бастай алмайды. Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы ең озық ел. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде еліңіздің төрағалығы және соңғы жылдары Президенттеріңіздің ұсынған бастамаларын еске алсақ, Қазақстанды әлемдегі көшбасшылардың бірі деп атауға болады.

Хабар 24 телеарнасы