386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келесі үш жылда бюджет шығыны 11 процентке көбейеді

  • 544
  • UPD: 22:58, 14.10.2018

Ауыл шаруашылығы мен бөлшек сауда көлеңкелі экономиканың негізгі көзі. Дегенмен сарапшылар оның көлемі қысқарып жатыр дегенді алға тартады.

Бұл қаншалықты рас? «Дөңгелек үстел» бағдарламасында экономикада болып жатқан осы өзекті мәселе талқыға тасталды.

Елімізде 500 мың жұмыссыз бар. Бұл ресми дерек. Бірақ бейресми дерек олардың саны 2,3 есе көп дейді. Неге статистика тұрақсыз? Сарапшылардың айтуынша, оған көлеңкелі экономика тасасында қалып қойғандар әсер етіп отыр. Сондықтан тасадағы бизнес бірнеше саланы артқа тартуда.

Олжас Құдайбергенов, экономист:

- Жұмыссыздардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен бөлшек сауда саласына қатысты. Өкінішке орай, осы салаларды жаңа деңгейге шығарғымыз келсе,  салық құрылымынан бастап түбегейлі өзгеру керек. Экономикамыздың дамуын алға сүйрейтін саланы көлеңкелі экономикадан арылтпайынша, алға ілгерілей алмаймыз.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Көлеңкелі экономканың үлесі 25-27-30 пайызға дейін жеткені жасырын емес. Егер біз жоспарды жүзеге асырсақ онда үлесі анағүрлым азаяды. Сонда жұмысшыларға конвертпен жалақы беру азаяды. Нәтижесінде өсім болады. 

Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы.

Рахым Ошақбаев, бағдарлама жүргізушісі:

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. 

Бүгінде тұрғындарды шағын және орта бизнесті дамыту, баспана, теңгенің тағдыры секілді тақырыптар толғандырып жүр. Сарапшылардың айтуынша, алдағы 3 жылда бюджет шығындары 11 пайызға көбейеді. Әлеуметтік салаға жұмсалатын қаржы 10 пайызға артады.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Хабар 24 телеарнасы