387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада еліміз бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі тіркелді

  • 651
  • UPD: 11:05, 22.10.2018

Астанада еліміз бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші тіркелді. Соңғы мәліметерге қарағанда, бас шаһарда 120 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамыз ету мәселесі де өзекті. Елордада  24 мыңнан астам мүгедек жан бар. Оның 14 мыңнан астамы жұмыс істеуге қабілетті. Бірақ бүгінде тек 6 мыңға жуығы екі қолға бір күрек тауып отыр. Оның өзінде жұмыс берушілерге қызметкерлердің санына қарай мүгедек жандарды жұмысқа алуға квотасы бекітілуі әсер етіп отыр дейді мамандар.  Айта кетейік,  әр мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа алғаны үшін кәсіпкерге 300 мың теңге көлемінде субсидия бөлінеді.

Еліміз көмір қоры жөнінен әлемде 9-орында тұр

Қазақстан әлемдік көмір қорының көлемі бойынша  9 орынға тұрақтады. Бұл туралы Statistical Review of World Energy-дің қорытынды есебінде көрсетілген. Агенттік Қазақстанның отын қоры 25 млрд 605 миллион тоннаға жуықтайды деп хабарлайды. Өткен жылы еліміз осы тізімде 8 орынға тұрақтаған еді. Биыл алдымызға Польша мемлекеті түсті. Көш басында АҚШ. Құрама штаттар әлемдік көмір қорының 4-тен біріне ие. Екінші орында солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясы. Сондай-ақ 140 млрд тонна отын қоры бар, Австралия мен Қытай елдері үздік үштіктер қатарында. 100 млрд тонна қорымен Индия төртінші орынға табан тіреді. Бұдан бөлек Германия, Украина, Польша мен Индонезия елдері де әлемдік рейтингтің ондығынан көрінді.

- Көмір қорының бары көңіл көншітеді. Дегенмен, табиғи байлығымыз қанша жылға жеткілікті? Бұл жайында не айтасыз?

- Ғалымдар Қазақстанның көмір қоры шамамен  500 жылға дейін жетеді деп болжайды. Оған қоса, еліміз баламалы энергия көздерін тұтынуды 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Айта кету керек, «Astana Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн панельдері өндіретін электр энергиясының құны өткен жылы 71 теңгені құрады. Бір сөзбен айтқанда, әзірге елімізде жаңартылған энергия көздері қымбатқа түсіп отыр. Бұдан бөлек үкімет еліміздің бірқатар өңірлерін газдандыруды қолға алмақ. Дегенмен, көмір әлі де республиканың энергия теңгерімінде салмақты рөл атқара бермек.

- Астанада көмір мәселесі қалай шешілді? Елордалықтар отын тапшылығын сезбей ме?

- Синоптиктер қыс ерте түсуі мүмкін деп болжайды. Сондықтан тұрғындар осы бастан қамданып жатыр. Бұл ретте жауаптылар да өз міндеттерін мінсіз атқарудамыз дейді. Мәселен, екі тәулікте Астанаға 14 вагон немесе 980 тонна көмір жеткізілген. Оған қоса, жауаптылар отын бағасын бақылап отырғандықтарын мәлім етті. Астанада нарығындағы жалпы көмір қоры 12 мың тоннадан асады. Оның 3 вагоны немесе 210 тоннасы Шұбаркөлден келген. 420 тонна Қаражыра мен Майкүбіден 350 тонна жеткізілген. Отын құнында өзгеріс бар. Мәселен, Шұбаркөл көмірі тоннасына 13 мың 500-14 мың 500 теңге аралығында болса, Богатырьдан келген отын бағасы нарықта айтарлықтай арзан. Оның құны 9 мың 500 теңгеге жуықтайды. Астаналықтар қыстың қамын жазда ойласа керекті. Статистикаға сүйенсек, 1 тамыздан 16 қазанға дейін 148 мың тонна көмір сатылған.

Өзбекстанда Орталық Азиядағы тұңғыш АЭС салынады 

Өзбекстан Орталық Азиядағы тұңғыш атом электр станциясын салуға кірісті. Ол тұтас аймақты таза әрі арзан электр энергиясымен қамтамасыз етеді дейді сарапшылар. Қуаты 2 мегаваттық АЭС-тің екі энергоблогы қымбат емес әрі таза электр энергиясын өндіреді. Ол тек көршімізді ғана емес, Орталық Азияның өзге де елдерін яғни тұтас аймақтағы энергетикалық тұрақтылықты сақтауға ықпал етпек. Соңғы ақпарат бойынша атом электр станциясы Науаи облысындағы Тудакул су қоймасында салынады деп жоспарланған. Станцияны ресейлік «Росатом» корпорациясы салады. Жоба құны 11 миллиард АҚШ доллары. Оны құрылысы 2028 жылы аяқталуы тиіс.  Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азия елдерінде АЭС тек Қазақстанда болған. 1973–1999 жылдары Ақтауда жылдам нейтрондар реакторы жұмыс істеген. Оның қуаты 350 мегаватт болған. Қазір Қазақстанда АЭС жоқ, бірақ Астана мен Мәскеу болашақта кем дегенде екі атом станциясын салу туралы келіссөз жүргізіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы