375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнай бағасы 11% қымбаттады

  • 242
  • UPD: 09:24, 10.01.2019
Мұнай бағасы 11% қымбаттады abctv.kz

Жаңа жылдан бастап мұнай бағасы 11% қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

ICE биржасының мәліметі бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыздық фьючерсі барреліне 60 долларға дейін көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салыстырма ретінде айта кетсек. 2018 жылы дәл осы Brent маркасы барреліне 53,8 долларды ғана құраған еді. Бұған дейін қара алтынның құны айтарлықтай арзандады. Оған инвесторлардың «сұраныс төмендеуі мүмкін» деген қаупі мен сауда соғысы әсер еткен болатын. Ал жаңа жылдан мұнайдың қымбаттауына ОПЕК келісімінің іске қосылуы әсер етсе керек. Сарапшылардың пікірі осындай.

Айта кеткен жөн, желтоқсан айында ОПЕК және картельге кірмейтін елдер мұнай өндірісін қысқарту бойынша ортақ келісімге келген еді. құжаты осы жылы өз күшіне енеді. Сондай-ақ АҚШ пен Қытайдың өзара келісімге келіп, сауда соғысын уақытша болса да тоқтатуы қара алтынның қымбаттауына сеп болғаны айдан анық. 

Хабар 24 телеарнасы