375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістан мен Орталық Азия арасында байланыс артады

  • 434
  • UPD: 23:49, 14.01.2019

Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы байланыстың жаңа дәуірі басталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Самарқанда ауғанстандық тараптың қатысуымен өткен «Үндістан – Орталық Азия» диалогы сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуінде айтылды. Басқосуда өзара экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен Ауғанстанды тұрақтандыру және оның экономикалық дамуына ықпал ету мәселелері талқыланды. Еліміздің Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Үндістанмен медицина, фармацевтика, жаңа технологиялар және қаржы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттілігіне тоқтады. Аймақтың транзиттік және көлік әлеуетін арттыру мақсатында Орталық Азия-Үндістан бағытындағы жүктерді тасымалдау үшін Қазақстан-Түрікменстан-Иран және Қазақстан-Өзбекстан-Түрікменстан-Иран теміржол бағыттарын «Чабахар» портымен байланыстыратын барлық Орталық Азия елдерінің қатысуымен консорциум құру идеясы айтылды.

Сушма Сварадж, Үндістанның сыртқы істер министрі:

- Үндістан Орталық Азия елдерімен арадағы байланысты одан әрі жақсарту мақсатында ортақ «Даму тобын» құруды ұсынып отыр. Бұл өзара ынтымақтастықты арттырады. Ондағылар G-20 форматында жұмыс істейді. Әр елдің өз нақты жоспары болады. Оған қоса кәсіпкерлікті дамыту үшін Үндістан – Орталық Азия бизнес кеңесін құруды жөн деп санаймыз. Соның негізінде барлық сауда палаталары бірігіп жұмыс істейді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Иран, Үндістан және Ауғанстан мемлекеттерінің тізе біріктіріп жұмыла жұмыс істеуінің нәтижесінде Иранда «Чабахар» порты құрылды. Бұл әр елдің экономикасының дамуына, транзиттік бағыттардың жақсаруына мүмкіндік беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы