378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан 119 елге 800-ге жуық өнім саудалап отыр

  • 353
  • UPD: 20:23, 28.01.2019

2018 жылдың он бір айында елімізден экспортталған тауарлар көлемі 54,7 миллиард АҚШ долларына жеткен.

Деректі индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстанбек Қабыкенов мәлім етті. Экспорт бір жылдың ішінде шамамен 26 жарым пайызға өсті. Мемлекетіміз осы күні 119 елге 800-ге жуық өнімді саудалап отыр. Жыл сайын орта есеппен жаңадан 5-8 өнім экспортталады. Атап айтқанда, 2017 жылы экспорттық тауарлардың жаңа топтары – автокөліктер, күн панельдері, газ қазандықтары, рельстер және посттерминалдар болса, былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына бал жіберілген. Бұдан бөлек, Қытайда ұйымдастырылған сауда-экономикалық миссияның шеңберінде алғаш рет аспан асты еліне Қазақстанның еті жеткізілді. Сиянь қаласында еліміздің бірінші сауда үйі ашылды. Ағымдағы жылы ол жерге отандық өнімдер жеткізілетін болады.

Арыстанбек Қабыкенов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– 2019 жылы біз 15 сауда миссиясын жоспарладық. Алдын ала талдау бойынша Өзбекстан, Беларусь, Ресей, ҚХР, Түркия, Ауғанстан еліне сауда экономикалық миссиялары жоспарланып отыр. Негізгі талап – өндірілген өнімдер Қазақстанда өндірілуі тиісті.

Хабар 24 телеарнасы