389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанмен ынтымақтасуға Еуропадағы ең ірі ет өндірушілердің бірі ниет білдіруде

  • 634
  • UPD: 15:25, 12.02.2019

Франциядағы дипломаттарымыз екі күнде Нормандиядағы компания өкілдерімен 20-ға жуық кездесу өткізген, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл өз ауылшаруашылық өнімдерімен бүкіл әлемге әйгілі аймақ. Елімізбен ынтымақтасуға Еуропадағы ең ірі ет өндірушілердің үштігіне кіретін «Шар-Аль» компаниясы ниет білдіріп отыр.

Францияда азық-түлік сапасына қойылатын талаптар Еуропа бойынша ең қатал саналады. Ал мына кәсіпорында заң ережелерін сақтаумен қатар өздері де қосымша бақылау енгізген. Тәулік сайын зертхана бактериологиялық 500 сараптама жүргізеді.

Шараль кәсіпорнында жұмыстың көп түрі автоматтандырылған, кейбіреуі ғана қолмен жасалады. Бірақ шикізат, қаптамалар мен дайын өнімдердің бүкіл қозғалысын жасанды интеллект бақылайды. Фермердің шаруашылығынан бастап тұтынушының дастарханына дейін бүкіл жолын қадағалауға болады.   

Жером Бессо, ет өңдеу кәсіпорнының директоры:

- Кәсіпорнымызға түсетін шикізат пен қаптаманың әр партиясының өз трек-нөмірі бар. Онда жеткізушінің мәліметтері бар. Өндірістің бүкіл кезеңінде осы трек-нөмірі басылып тұрады. Мәселе туындаса, қай кезеңде шыққанын білеміз, егер оған жеткізуші жауапты болса, сонда хабарлаймыз.

Етті көп тұтынатын ел ретінде Қазақстан нарығы оларды қызықтырады. Француз өндірушілері қазақ елі Қытай нарығына шығатын тірек болуы мүмкін екендігін айтады. 

Жан Ғалиев, Қазақстанның Франциядағы елшісі:

- Елшілікке Франциямен ауыл шаруашылығы өндірісі саласында ынтымақтастықты арттыру міндеті қойылған. Осы мақсатта бізге қомақты серіктестер мен контент табу қажет. Осы кездесулеріміз, кәсіпорындарға жасаған сапарларымыз, бірлесіп осындай контент құра алатынымызды көрсетті.

Қазақстан делегацисының Нормандияға сапары жергілікті бизнес-қауымдастықтың қызуғышылығын туғызды. Енді жазда Ренн қаласында өтетін екіжақты ауылшаруашылық форумы B2B форматында өтеді.

Авторлары: Әлия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы