377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жылдың басында инвестиция көлемі 2,5 пайызға төмендеген

  • 202
  • UPD: 18:44, 12.02.2019
Жылдың басында инвестиция көлемі 2,5 пайызға төмендеген

Биылғы жылдың қаңтар айында еліміздің Ішкі жалпы өнімнің өсімі 2,9 процентті құрады.

Оған тұтыну нарығы мен өнеркәсіптік өндіруші сектордағы сұраныстың сақталуы себеп болған. Дегенмен 2019 жылдың алғашқы айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2,5 пайызға төмендеген. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, инвестицияның азаюына Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Ақсу ферроқорытпа зауытындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы әсер еткен. Ал елдің халықаралық резерві 88 миллиард АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ қаңтар айында өнеркәсіп өндірісінің өсімі 1,9 процентке азайған. Дегенмен жеңіл өнеркәсіп 17,5, пластмасса бұйымдары 14,3, химия өнеркәсібі 6 жарым және тау-кен өндірісі 6,8 процентке жоғарылаған.

Хабар 24 телеарнасы