379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Бейжіңге барды

  • 159
  • UPD: 09:19, 21.03.2019

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Алиxан Смаилов жұмыс сапарымен Бейжіңге барды. Бұл оның осы лауазымдағы  шет елге жасаған алғашқы сапары.

Алдымен Алиxан Смаилов Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен кездесті. Бұдан бөлек Кеден Бас басқармасы, қаржы министрлігінің және бірқатар банктің басшылығымен жүздесті. Бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Қазақстан шығыс көршісімен көліктік-логистикалық саладағы байланысы нығайып келеді. Мәселен, «Достық-Алашанокоу» және «Алтынкөл-Қорға»с теміржол өткелдері Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдың 56% қамтып отыр. «Қорғас Шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймағы шекарамағы ынтымақтастығы сияқты ірі жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Бейжіңде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Алиxан Смаилов қытайлық әріптесі Хань Чжэнмен кездесуінде айтылды. Сонымен бірге тараптар АХҚО мен қытайдың қаржы институттары арасындағы стратегиялық байланысты арттыру жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан мен Қытай Кеден қызметінің статистикасы неге сәйкес келмейді? Алиxан Смаиловжұмыс сапары барасында көтерген негізгі мәселесі осы болды. Көрші елдің кәсіпкерлері Қазақстан арқылы өзге мемлекеттерге тасымалданатын тауарларын бізге экспорттағандай етіп көрсетеді. Статистика айырмашылығынің бір себебі сол дейді, Смаилов. Ол Қытай Кедендік Бас басқармасының төрағасы Ни Юэфенмен кездесуінде осы сұрақты жан-жақты талқылады. Оны шешу үшін Қаржы министрлігі мен Кедендік Бас басқармасы арасындағы  ақпарат алмасуды жетілдіру қажеттігі сөз болды.

Әлихан Смаилов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Қазақстан-Қытай қарым-қатынасындағы сауда-саттықтың декларациялау сапасын ұлғайту мәселесі. Оны біз бүгін талқыладық. Тиісті келісімге келдік.

Қазақстанға инвестиция салған мемлекеттердің ішінде Қытай төртінші орында.  Негізгі ақша құйған саласы көлік және қойма, содан кейін тау-кен өнеркәсібі. Алиxан Смаилов қаржы министрі Лю Кунмен кездесуінде  екі елдің сауда-экономикалық байланысы жылдан жылға артып келе жатқаны айтылды. Мәселен, соңғы үш жылда өзара тауар айналым 50%-дай өскен.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы