384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Есімов шетелдегі Қазақстан активтерін қорғаудың механизмін жетілдіруді ұсынды

  • 379
  • UPD: 15:23, 16.04.2019
А.Есімов шетелдегі Қазақстан активтерін қорғаудың механизмін жетілдіруді ұсынды

Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов шетелдегі Қазақстан активтерін қорғаудың механизмін жетілдіруді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өкінішке орай өз активтеріне тыйым салуға байланысты шетелдік юрис-дикциялардағы сот процестеріне қорды ұдайы тарту процесі белең алуда», - деп атап өтті ол. Мәселен 2017 жылы қорға тиесілі құны 5 млрд АҚШ долларынан асатын Қашаған акцияларына шектеу қойылған. Бұл үрдіс жалғасып келеді. Оның айтуынша, қордың өз активтерін қорғауға байланысты жүргізетін сот процестерінің шығыны өте көп.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

- Ақтау Петролдың республикаға қойған талаптары бойынша қорға тиесілі құны 38 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын Түркиядағы Шекербанк акцияларына тыйым салынды. Қордың тактивтеріне тыйым салу қаупі жалпы біздің активтеріміздің инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай жағымсыз әсер етуде.

Хабар 24 телеарнасы