379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО шаруаларына субсидия онлайн түрде беріледі

  • 108
  • UPD: 16:50, 12.05.2019
ШҚО шаруаларына субсидия онлайн түрде беріледі

Қазақстанның ауыл шаруашылығына цифрлық технологияның тағы бір түрі енгізілді.

Биылдан бастап агроөнеркәсіп кешенінің дамуына арналған субсидиялар онлайн түрінде беріледі. Ол «Қолдау» порталы арқылы жүзеге асады. Электронды формат сала мамандарының жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді. Бұл сыбайлас жемқорлық деректерінің азаюына да сеп болады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі айда инвестициялық жобаларды субсидиялау бойынша 500-ге жуық өтініш келіп түскен. Жаңа жүйенің тағы бір тиімділігі – шаруалар аудан, облыс орталығына сабылмай, құжаттарын компьютер арқылы рәсімдей алады.

Әділет Төлеутаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Біз әр ауылдық округының мамандарын оқытып, түсіндіріп, үйреткенбіз. Әр ауылдық округының әкімдігінде интернет әрине бар, үйлерінде немесе жұмыс орнында интернет жоқ болған жағдайда, ең жақын ауылдық округ әкімшіліген барып заявкасын беруге болады.

Хабар 24 телеарнасы