386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жергілікті өзін өзі басқару заңына енгізілген өзгеріс экономиканы дамытады

  • 139
  • UPD: 07:37, 19.07.2019
Жергілікті өзін өзі басқару заңына енгізілген өзгеріс экономиканы дамытады

«Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарынан түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне беру өте дұрыс бастама. Бұл бірінші кезекте өңірлік экономиканың дамуына тың серпін береді. Сол арқылы жергілікті атқарушы биліктің тұрғындар мен бизнес қауымдастық алдындағы жауапкершілігі артып, шалғай ауылдарда кәсіпкерліктің өрісі кеңейе түседі» деп есептейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы жергілікті өзін өзі басқару заңына өзгеріс енгізілген болатын. Ал келер жылдан бастап, еліміздегі барлық ауылдық округтер осындай тәртіппен жұмыс істей бастайды. Төртінші деңгейлі бюджет әзірге республикадағы мыңнан астам ауылдық округті қамтып отыр.

Әсет Шаяхметов,  облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының м. а:

- Мұндай шаралар өңірлерде шағын және орта бизнестің дамуына, кәсіпорындардың санын көбейтуге, өндірісті дамытуға оң әсер етеді. Бұл бюджет қаражатын пайдалану кезінде жергілікті атқарушы орғандардың тәуелсіздігін нығайтады және жауапкершілігін арттырады.

Хабар 24 телеарнасы