384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық шаруалар он айда 560 млрд теңгенің өнімін өндірген

  • 254
  • UPD: 21:37, 16.11.2019
Түркістандық шаруалар он айда 560 млрд теңгенің өнімін өндірген

«Биылғы 10 айда Түркістан облысының шаруалары 560 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 80 млрд теңгеге артық». Агроөнеркәсіп кешенінде атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған «Алтын күз-2019» мерекелік шарасында осындай мәлімет айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Артынша саланың үздіктері марапатталды. Өткен жылы Түркістан қаласы маңында азық-түлік белдеуі құрылған. Соның нәтижесінде биыл 1 мың гектар алқап жаңбырлатып суғару жүйесіне көшті. Қазір аймақта 8 ірі инвестициялық жоба іске асып жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы саласына 30 млрд теңге инвестиция тартылған. Сосын өңірде биыл алғаш рет 4 млн тонна мал азығының қоры жасақталған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 13 мың гектарға ұлғайды. Ал көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 3 млн тонна өнім жиналып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткен.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Ет экспорты бойынша 10 айда 15 мың тонна ет өнімін экспорттап, республикада алғашқы орынды алдық. Сондай-ақ республикадағы ет экспортының 50 пайызын құрадық. Одан бөлек 3700 тона қой еті Қатар, БАӘ-ге жөнелтілді. Өсімдік шаруашылық саласында 394 мың тонна жеміс, көкөніс, бақша дақылдары Еуропа, ТМД елдеріне экспортталды.

Хабар 24 телеарнасы