420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО-ның Орталық Азия аймағымен ынтымақтастығына Қазақстанның қосқан үлесі орасан – сарапшылар

  • 746
  • UPD: 07:59, 21.11.2019

«Еуропалық одақтың Орталық Азия аймағымен ынтымақтастығына Қазақстанның қосқан үлесі орасан». Брюссельде өткен «Еуроодақ және Орталық Азия арасындағы қарым-қатынасты нығайту» атты конференцияға қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ауқымды шарада жаңа стратегиялық серіктестікті жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Еуропалық одақ үшін Орталық Азиямен қарым-қатынас – қазір өзгеріске ұшырап жатқан трансатлантикалық және геосаяси жағдайдың маңызды бір бөлігі. Брюссельде өткен халықаралық конференцияда ұйымның Орталық Азия аймағымен жаңа стретегиясы жан-жақты талқыланды.

Айгүл Құспан, ҚР-ның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі, ЕО мен НАТО-дағы өкілдігінің басшысы:

– Қазір біздің аймақта экономикалық, көліктік қатынас қайта жаңғырып, сауда қатынасы күшейе түскен. Біз бір-бірімізге ашылып жатырмыз. Бірлесіп Еуропа да Азиямен де серіктестігімізді күшейте аламыз. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқасында Қазақстанда темір және тасжолдар, Ақтау, Құрық порттары салынып, солтүстік пен оңтүстіктегі барлық шекаралық бекеттер жабдықталды. Біз жаңа бағыттарға қосылуға дайынбыз.

Джакопо Мария Пепе, сыртқы байланыс жөніндегі герман кеңесінің мүшесі:

– «Нұрлы жол» – өте жақсы ойластырылған жоба. Оның сәтті жүзеге асуы Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға көмектеседі. Еуропалық одақ жаңа стратегияны пайдалана отырып, Орталық Азиядағы нарықтық интеграция, логистикалық хабтарды және өндірістерді дамытуға көмектесе алады.

Сарапшылар «Қазақстан Еуроодақ үшін геосаяси және экономикалық тұрғыдан маңызды транзиттік мемлекет қана емес, адами капиталға бай ел», - дейді.

Сұлтан Әкімбеков, Азиялық зерттеулер институтының директоры:

– Қазақстан Батыс пен Шығыс қана емес Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы стратегиялық торапқа айналуды мақсат еткен. Жалпы біз – Еуроодақты халқы көп Оңтүстік Азиядан бөліп тұрған елміз. Егер Еуропа үшін миграция ең өзекті мәселе екенін ескерсек, бұл жағдайдың қаншалықты маңызды фактор екенін түсіну қиын емес. 

Еуроодақ пен Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуымен өткен конференция еуропалық SEnECA жобасының қорытындысы болды. 2 жыл ішінде сарапшылар, саясаткерлер, дипломаттар Берлин, Рига, Алматы және Брюссельде тәжірибелерімен бөлісті.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы