426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

  • 314
  • UPD: 19:58, 21.02.2020

Елордада премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бұл жолы қатысушылар салық саясатына қатысты мәселелерді қарады. Ұлыбритания, АҚШ, Канада елшіліктері мен Еуропалық одақ өкілдері қатысқан жиында шет елдердің тәжірибесі де сөз болды. Бұдан бөлек Қазақстанда жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру реформасы да кеңес отырысында жан-жақты талқыланды. Асқар Мамин әлемдік экономика өсімінің бәсеңдеуіне назар аударып, еліміз үшін белгіленген даму трендтерін сақтау мен нығайтуға басымдық берілетінін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы