426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-ЕАЭО тауар айналымы азайды

  • 240
  • UPD: 11:57, 16.06.2020

Биыл Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналым бір жарым процентке азайып кетті. Мәселен 2019 жылдың қаңтар-сәуір аралығында алыс беріс көрсеткіші 21,7 процент болса, биыл 20,2 процетті көрсетті. Одақ ішіндегі сауданың басым бөлігі Ресеймен жасалған. Яғни төрт айда тауар айналым құны 5 миллиард АҚШ долларынан асты. Одан кейін Қырғызстан. Айыр қалпақты ағайынмен алыс-берісіміз 223 жарым миллион доллар. Беларусь Республикасымен 191 ал Армениямен 4 жарым миллион долларға сауда жасалған. Экспорт пен импорттың азаюы Еуроодақ елдерінде де байқалады. Еуростат мәліметтеріне қарағанда сәуірде одақтың экспорты 29 процентке кеміген. Ал импорт 25 процентке азайды. Сондай-ақ одақ ішіндегі тауар айналым 32 процентке кеміген. Салдарынан Еуроаймақта тауар профициті 15 жарым миллиард еуродан 3 миллиардқа дейін төмендеген.

Биыл бірінші тоқсанда отандық фармацевтикалық компаниялар 42 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 процентке көп. Өнімнің төрттен үші елдің үш өңірінде жасалды. Олар Алматы мен Шымкент қалалары және Алматы облысы. Өндіріспен қатар нарықта фармацевтикалық препараттардың құны 7 процентке өсті. Оның ішінде антисептиктер бірден 17 процентке қымбаттаған. Сондай-ақ дене қызуын түсіретін дәрілер 8 жарым, бүйрек дәрісі 7 жарым, ал антибиотиктер 7,3 процентке қымбаттаған. Қазақстан бойынша Павлодар, Ақмола және Шымкентте фармацевтикалық препараттардың бағасы республикалық деңгейден жоғары. Яғни мұнда дәрі-дәрмек 9 процент шамасында қымбаттаған.

Қазақстанда газ арзандайды. Себебі жылдың үшінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы 28 мың теңге болып бекітілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады. Мәліметтерге қарағанда газдың шекті бағасы тоқсан сайын Ұлттық экономика министрлігінің келісімімен бекітіледі. 2018-ші жылдан бері оның көтерме құны 38 мың 700-ге бағаланып келген еді. Енді 10 мыға арзандады. Сарапшылардың айтуынша, көтерме баға төмендегендіктен, бөлшек саудада газ арзандауы тиіс. Бұл тұтынушының шығынын азайтады.

Қытайлықтар электр қуатымен жүретін көлікке көше бастады. Мамыр айында бұл елде Тесланың модел 3 маркалы 11 жарым мың көлігі сатылды. Бұл сәуірдегі көрсеткіштен 205 процентке артық. Сауданың өсуіне тесланың Қытайдағы зауыттарының қайта іске қосылуы және жергілікті халық үшін жеңілдіктер жасауы әсер еткен. Сондай-ақ нарықта теслаға тең келетін бәсекелестің болмауы компания жасаған электр көліктердің сатылымын ұлғайтып жатыр. Бұған қоса биыл әлемде тоқпен жүретін көлікті қуаттайтын станциялар саны 60 процентке көбейген. Оның басым бөлігі Қытайда орналасқан. Былтыр әлем бойынша сатылған темір тұлпарлардың 1 проценті элктркарлардың үлесінде.

Айта кету керек, биыл Тесла акциясының құны 1 мың АҚШ долларынан асты. Осылайша компания көлік шығаратын кәсіпорындардың ең бағалысы болды. Оның құны шамамаен 190 миллиард АҚШ долларына тең.

Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында қарбыздың құнына шолу жасаймыз. 

Еліміздің оңтүстігінде бақша дақылының бұл түрі мамырдың соңында піскен болатын. Бүгінде еліміздің өзге өңірлеріне жеткізілді. Бұдан бөлек алыс жақын шет елдерге де экспорттала бастаған. Атап айтсақ Мақтарал ауданының дихандары ТМД елдеріне мың тонна қарбыз бен 20 тонна қауын жөнетлкен. Өзімізде баға қандай? Өңірлердегі тілшілер жіберген ақпарат бойынша қарбыз солтүстік өңірлерде қымбат екенін байқадық.  

Қазақстан бойынша бақша дақылдары оңтүтік өңірлерде арзан болатыны белгілі. Қауын-қарбыз ең бірінші пісетін Шымкент маңында қарбыздың келісі 100 теңгеден саудаланады. Тараз халқы қызарып пісетін көкөніс үшін 120 теңге төлейді. Ал батысқа қарай баға біраз көтеріңкі. Мәселен Атырауда келісі 200-ден. Көкшетауда осыған ұқсас. Ал Павлодарда 20 теңгеге қымбат. Петропавлдықтар бір келі қарбызды 250 ден алады. Қостанай мен Елорда тұрғындары да бір келі қарбыз үшін 230-250 теңге төлейді. 

Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 405 теңге 8 тиынға тең. Ал Еуро 455 теңге 63 тиын. Ресей рублі 5 теңге 76 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы