423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады

  • 416
  • UPD: 15:40, 14.08.2020
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады

Мемлекет басшысы cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады akorda.kz.

Бақыт Сұлтанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының нәтижелері жайында, сондай-ақ сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері мен перспективасы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы министрге сауда саласының сыртқы нарықтарға шығуын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Президенттің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін қолдау, сондай-ақ техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі.

Хабар 24 телеарнасы