428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жарты жылда ішкі тауар айналымы 6,9% төмендеді

  • 159
  • UPD: 12:08, 20.08.2020
Жарты жылда ішкі тауар айналымы 6,9% төмендеді

Биылғы жарты жылда ішкі тауар айналымы 6,9% төмендеді.

Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11% қарқынмен өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті. Алайда биылғы жылдың 6 айында ішкі тауар айналымы 6,9% төмендеп, 14,9 трлн теңгені құрады (2019 жылы 16 трлн теңге). Сонымен қатар COVID-19 салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48% түсіп кетті», - деді министрі онлайн режимде халық алдында есеп беруі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, нарықтарды заманауи сауда форматына ауыстыру саладағы кәсіпорындардың өсімін 10%, ал жұмыспен қамтылғандарды 5 мың адамға арттыруға ықпал етеді.

«Сауда инфрақұрылымын жаңғыртуда басты бағыт – цифрландыру. Сауданың электронды жүйесі отандық тауар өндірушілер мен шетелдік серіктестерді тартуға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілік пен шарттардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Биржа котировкалары нарықтың жағдайын нақты көрсетіп тұрады», - деді Сұлтанов.

Хабар 24 телеарнасы