420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ақша-несие саясатын оңтайландыратын комитет құрылады

  • 150
  • UPD: 23:43, 03.09.2020
Елімізде ақша-несие саясатын оңтайландыратын комитет құрылады

Президент Жолдауында ақша және несие саясатын оңтайландыруды тапсырғаны белгілі.

Ұлттық банк қазір осыған қамданып жатыр. Бұл жұмыстармен жаңадан ашылатын комитет айналысады. Міндеттері – ақша-несие саясатындағы шикіліктерді жою, теңгеге деген сенімді күшейту және инфляцияны тұрақты ұстау. Ел экономикасына ұзақ мерзімді шетел инвестициясын тартуға осы комитет жауапты болады.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Бұл арнайы алқалы орган болады. Комитет жыл соңына дейін құрылады. Базалық мөлшерлеме мен оның дәлізіне қатысты мәселелерді реттеп отырады. Батыстағы дамыған елдердің үлгісін негізге аламыз.

Хабар 24 телеарнасы