424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады

  • 49
Елбасы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады elbasy.kz

Кездесу барысында Елбасыға пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар А.Мырзахметов халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесуде халықты жұмыспен қамту, карантин шектеулерінен зардап шеккен шағын және микробизнес өкілдеріне қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы