419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жұмыссыздық 5% деңгейінде сақталды

  • 98
  • UPD: 12:37, 29.12.2020
Елімізде жұмыссыздық 5% деңгейінде сақталды

Пандемия кезіндегі қиындықтар мен экономикалық дағдарысқа қарамастан, елдегі жұмыссыздық 5% деңгейінде қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше меморандум шеңберінде 2 миллионнан астам адамның жұмыс орны сақталды. Үкімет отырысында Еңбек министрлігі мен кәсіподақтарға еңбекті қорғау жөніндегі тұжырымдама әзірлеуді тапсырылды. Ал, жергілікті әкімдер жұмыс орындарын сақтауға күш салуы тиіс. Жалпы биыл жұмыспен қамту бағдарламаларына 1 млн 390 мың адам қатысып, оның 700 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы