384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2019: шешуші күн

  • 200
  • UPD: 15:30, 24.11.2019

Junior Eurovision 2019 байқауын онлайн-аудитория және қазылар алқасы саралайтыны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшы топ өз шешімдерін тікелей эфирден бір күн бұрын, яғни кеше шығарып үлгерді. Бүгін – көрерменнің кезегі. Қазылар алқасы – 19 елдің өкілдерінен құралған топ. Оған әр қатысушы мемлекеттен 3 кәсіби музыка маманы мен 2 жас жеткіншек кіреді. Олардың дауыстары жалпы дауыстың 50 пайызын құрайды. Қалған 50 пайызы – көрермендердікі. Айта кету керек, соңғы дайындық күні ешбір үзіліссіз өтті. Қатысушылар барынша кәсіби шеберліктерін көрсетуге тырысты. Зал ішіндегі болсын, шоуды сыртында экран арқылы тамашалап отырған жанкүйерлер болсын, әрбір қатысушыны зор қошеметке бөледі. Олар, әсіресе қазақстандық орындаушы Ержан Максимді өте жылы қабылдады.

Марта Оуф, көрермен:

– Ержанның нөмірі шынымен де таңдай қақтырды. Бастапқыда мен ол әнге назар аудармағанмын, бірақ тыңдай келе, өзімді Дисней ертегілерінде жүргендей сезіндім. Бәріміз бірігіп, оның әуенін орындағанымыз әлі есімде. Бишілер болсын, жалпы қойылым болсын байқаудың көрігін қыздырып тұрғаны анық.

Бүгін «Хабар» телеарнасынан сағат 21.00-де тікелей эфирде көрсетілетін ақтық кезеңді жіберіп алмаңыздар. Қазақстандық әнші оныншы болып өнер көрсетеді. Ержан Максимге байқауға дейін де, кейін де junioreurovision.tv сайтына кіру арқылы тегін дауыс беруге болады.

Хабар 24 телеарнасы