388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцариядағы тау шаңғы шипажайының көк аспанынына әуе шарлары көтерілді

  • 658
  • UPD: 17:18, 23.01.2017
Швейцариядағы тау шаңғы шипажайының көк аспанынына әуе шарлары көтерілді

Швейцариядағы тау шаңғы шипажайының көк аспанынына әуе шарлары көтерілді.

Шато д'Э қаласының маңында дәстүрлі әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр. Онда 15 елдің 70-тен астам әуе шары ұшырылды. Шарада биіктен парашаютпен секіргендердің түрлі қимылын көріп, өнеріп тамашалауға болады. Жалпы, фестивальге жан-жақтан 40 мыңнан астам көрермен келеді деп жоспарланған. Айта кетейік, бұл мереке 1979 жылы басталды. Ал әуе шарымен еш жерге тоқтамастан жаһанды аралаған алғашқы ұшқыштар Бертран Пикар мен Брайан Джонс 1999 жылы дәл осы жерден сапарын бастаған.

Ли Хупер, әуе шарының ұшқышы /Ұлыбритания/:

- Осымен 39-шы рет өтіп жатқан Шато д'Э фестиалі үшін бұл таптырмас орын. Өйткені таулы аймақта әуе шарларымен серуендеу өте ыңғайлы деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы