384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде жадысы шексіз алғашқы смартфон құрастырылды

  • 563
  • UPD: 19:31, 22.04.2017
Әлемде жадысы шексіз алғашқы смартфон құрастырылды

Razer Nextbit Robin – әлемде жадысы шексіз алғашқы смартфон. Мамандардың айтуынша бұл ұялы телефонның басқа да ұсақ мүмкіндіктері көп болмақ, деп жазады VistaNews.

Смартфонның жадысының шексіз болуы Razer өндірушісінің тек виртуалды қойма сатып алуында ғана. Алайда гаджет басқаларға қарағанда тез сынып қалуы мүмкін. Себебі оны құрастырушылар құрылғыда ешқандай металл қолданбаған. Алайда мамандар оны мінездемесі мен қаржысы жағынан өтімді болады дейді.

Атай кетейік, смартфон желіге қосылысымен барлық ондағы файлдар автоматты түрде виртуалды қоймаға көшеді.

Хабар 24 телеарнасы