387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Сирия ғалымдарына санкция салды

  • 341
  • UPD: 16:51, 25.04.2017

АҚШ Идлиб провинциясындағы химиялық шабуылға қатысты Сирияға қарсы жаңа санкция салды. Ол Сирияның ғылыми-зерттеу орталығының 271 қызметкеріне қарсы қолданылды. Соңғы мәлімет бойынша бұл ғалымдар 2012 жылдан бері химиялық қару жасаумен айналысып келген.

Сондықтан олардың шетелдегі активтері жабылып, американдық азаматтарға байланыс орнатуға тыйым салынды. Айта кетейік, 4-сәуір күні үкіметтің әскери ұшақтары Идлиб провинициясындағы Хан-Шейхун қаласын бомбалады. Соққы кезінде 87 адам қаза тапқан.

Стивен Мнучин, АҚШ қаржы министрі: 

- АҚШ билігі қара тізімге енгізген қызметкерлер химия саласында зерттеу жүргізіп, химиялық қару жасау бағдарламасына қатысқан. Біз мұндай қаруды қолдануға жол бермеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы