387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулда бекінген ТГИЛ содырлары қоршауға алынды

  • 423
  • UPD: 22:59, 16.05.2017

Мосул қаласында бекінген «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содырлары толық қоршауға алынды және жойылудың аз-ақ алдында тұр.

АҚШ басқаратын Халықаралық коалиция өкілі осындай мәлімдеме жасады. Ақпараттарға қарағанда, қазір содырлардың бақылауында шаһардың 12 шаршы шақырым аумағы ғана қалған. Жергілікті әскерилер Мосулды барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталғанша лаңкестерден азат етуді мақсат етіп отыр.

Еске сала кетейік, билік жасағы қаланы содырлардан тазарту операциясына өткен жылдың қазан айында кіріскен. Қаңтарда шаһар шығысы толықтай азат етілді. Енді батыс аудандар үшін соғыс жүріп жатыр.

Яхия Расул, Ирак әскерінің өкілі:

– Лаңкестік ұйым өкілдерінің бақылауында шаһардың 10 пайыз аумағы ғана қалды. Көп ұзамай, содырларды ол жерден тықсырып, Мосулдың азат болғанын хабарлаймыз деп жоспарлап отырмыз. Батыс аудандарды лаңкестерден тазартып, ескі шаһардың орталығында жеңіс жалауын желбірететін сәт жақындап келеді.

Хабар 24 телеарнасы