386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулда содырлар қырған 163 адамның мәйіті қала көшесінде шашылып жатыр

  • 415
  • UPD: 23:29, 06.06.2017

Мосул қаласының батысында «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» содырлары 163 адамды аяусыз жайратып салды.

Олардың арасында балалар да бар. Бұл туралы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі бас комиссары Зейд Раад Аль-Хусейн хабарлады.

Оның айтуынша, құрбан болғандардың мәйіті Әл-Шира көшесінде әлі де шашылып жатыр.

Айта кету керек, Мосулды қаскөйлерден азат ету операциясы өткен жылдың күзінен бері жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы