384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit келіссөздері ресми түрде басталады

  • 460
  • UPD: 15:27, 19.06.2017

Ұлыбритания мен Еуроодақ басшылығы ресми түрде «Брекзит» келіссөзін бастайды.

Сол үшін Корольдіктің «Брекзит» мәселелері жөніндегі министрі Дэвид Дэвис бүгін Брюссельге келіп, еуропалық әріптестерімен кездеседі. Бұған дейін премьер-министр Тереза Мэй Одақтан шығудың қысқаша жоспарын ұсынған болатын. Онда Британияның Еуроодақпен қатар Бірыңғай еуропалық нарықтан, Кеден одағынан және Еуропалық сот құзіретінен де шығатыны көрсетілген. Келіссөз барысында Еуропада қызмет істейтін британдықтар мен Корольдікте жұмыс істейтін еуропалықтардың құқықтары да талқыланады.

Айта кетейік, Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы туралы референдум былтыр маусымның 23-інде өткен болатын. Нәтижесінде тұрғындардың 52 пайызы референдумды қолдады.

Хабар 24 телеарнасы