386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада жолаушылар автобусы аударылды

  • 549
  • UPD: 11:06, 27.06.2017

Аргентинада жолаушылар автобусы аударылып, 15 адам қаза тапты. Олардың көбісі балалар.

 

Түрлі жарақат алған тағы 21 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Жалпы автобус ішінде 50 адам болған. Осы автобуспен би мектебінің ұстаздары мен оқушылары және ата-аналары сайысқа қатысу үшін жолға шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жотаға соқтығысып, аударылып кетіпті. Көлік тасымалын бақылайтын Ұлттық комиссияның мәліметінше, апатқа ұшыраған автобус былтыр желтоқсан айында қолданыстан шығарылған. Яғни жолға шығуға рұқсаты болмаған.

Президент Маурисио Макри осы апатқа байланысты алдағы екі тәулікті аза тұту күндері деп жариялады.

Хабар 24 телеарнасы